Аққулы жастары эстетикалық түсірілім жасауды тегін үйрене алады

Аққулы жастары эстетикалық түсірілім жасауды тегін үйрене алады
Фото: pexels.com

Мобилографтар айына бір рет аудандық кітапханада курс өткізеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Аққулы ауданында «Түсіремін &» мобилографтар клубы ашылды. Алғашқы жиынға 50-ден астам қатысушы жиналып, оқытудың әдістерімен танысты. Курстың жетекшілері – Айзада Жұмаділова, Мерей Сабыржан, Кенжекей Рахат. 24-25 жастағы бойжеткендер мобилографияны өздігінен үйреніп, лайфхактарды меңгерген.

–        Негізгі мақсат – ауыл тұрғындарын заманауи әдістерді қолдана отырып, мобилографияның қыр-сырын ашып, үйрету. Қатысушы ретінде кез келген адам бола алады. Жас бойынша шектеу жоқ. Эстетикалық түсірілім құпияларын білгісі, парақшаларды дамытып, танымал етуді, дұрыс ақпараттандыру дағдыларын үйренгісі келетіндердің барлығы тегін оқып алудың мүмкіндігі бар, – деді Аққулы ауданының ішкі саясат бөлімінде.  

Алғашқы оқытуда мобилографтар Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшаны қалай жүргізу керектігін, әртүрлі бағдарламаларда монтаждауды және редакторлық жұмысты қалай әдемі жасауға болатынын көрсетті. Клуб айдың соңғы бейсенбі күнінде тұрақты негізде аудандық кітапханада өткізілетін болады. Оқыту тек жастарға ғана емес, кәсіпкерлерге бизнесті дамыту үшін көмектеседі. Әр сабақтың соңында қатысушыларға үй жұмысы беріледі. Бұл алған ақпаратты есте сақтап алу мақсатында қажет.

Байланыс телефондары: +7 (705) 707-68-24, +7 (705) 432-28-12, +7 (747) 035-90-97.