Баянауыл ауданының көшесіне асфальт төселетін болады
Бұған дейін облыс әкімі сапаны сынға алған болатын, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ақсан ауылында Бектұров көшесінің ені бойынша кейбір жерлерде сәйкессіздіктер анықталды. Жол активтерінің сапасы ұлттық орталығы филиалы мамандарының айтуынша, оның ұзындығы 2,66 шақырымды құрайды. Көшедегі жұмыстарды мердігер «УниверсалКла» ЖШС жүргізуде.
Жол қиылысындағы асфальт кеңейтілді. Сонымен қатар, асфальтбетон жабынының шеткі бөлігінің жеткіліксіз тығыздалуы анықталды. Көшенің жөнделіп жатқан үшінші бөлігінде төрт көлік жол жиегін нығайтумен айналысуда.
- Тексеру барысында біз асфальтбетон қоспасы мен инертті материал - қиыршық тастың үлгілерін алдық, - деп түсіндірді орталықтың сапа және мемлекеттік есеп бөлімінің басшысы Марат Валиев. – Зертханалық зерттеулер нәтижесінде ешқандай заң бұзушылық анықталған жоқ.
Мамандар зерттеу үшін жол жиегін нығайтуға қолданылатын материалды қосымша таңдап алды.
Еске сала кетейік, облыс әкімінің сынынан кейін Ақсан ауылындағы ауылішілік жол жөнделіп жатыр. Шілде айында Асайын Байханов Баянауыл өңіріндегі абаттандыру мен құрылыс барысын тексеріп, ауылішілік жолдардың жөнделуін сынға алған болатын. Ақсан ауылына комиссия барып, оның құрамына аудан әкімдігінің ғана емес, облыстық жолаушылар көлігі басқармасының және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауының өкілдері кірді.