Баянауыл мен Майқайыңда профилактикалық жұмысты күшейту тапсырылды

Баянауыл мен Майқайыңда профилактикалық жұмысты күшейту тапсырылды
Фото: Константин Шелков

Мұнда балаларға қатысты заңсыз әрекеттердің өсуі тіркелуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Павлодар облысы әкімінің орынбасары Айгүл Маликованың тапсырмасы аясында облыстық білім беру басқармасының басшысы Айгерім Әбенова Баянауыл ауданына жұмыс сапарымен барды. 

Сапар барысында мектептегі балалардың қауіпсіздігі және кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша білім беру ұйымдарының басшыларымен кеңес өткізілді. Аудан мен Майқайың кентіндағы қазіргі жағдайға ерекше назар аударылды. 

- Салалық қызметтердің мәліметіне сәйкес, кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалатын құқықбұзушылықтар саны, сондай-ақ балаларға қатысты заңсыз әрекеттердің өсуі тіркелуде. Мұндай үрдіс формалды шаралармен шектелмей, жергілікті жерлерде профилактикалық жұмысты жүйелі түрде қайта қарауды, ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтуді және білім беру ұйымдары басшыларының жеке жауапкершілігін арттыруды талап етеді, - дейді басқарма басшысы. 

Кеңес барысында нақты кейстер талданып, тәуекелдерді ерте анықтау, әлеуметтік осал топтағы балаларды сүйемелдеу, сабақтан тыс уақытта оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, ата-аналармен және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл мәселелері қаралды. 

Бақылауды күшейтуге, профилактикалық жұмысты жүйелеуге және мектеп ортасында қауіпсіз әрі құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған басқарушылық шешімдер айқындалды. Аталған жұмыстар тұрақты негізде жалғасып, қабылданған шаралардың тиімділігіне Айгерім Әбенова жүйелі түрде бағалау жүргізетінін атап өтті.