Баянауыл әкімдігі шашылған қоқысқа қатысты түсінік берді

Баянауыл әкімдігі шашылған қоқысқа қатысты түсінік берді
Фото: ашық дереккөзден

Әлеуметтік желідегі парақшалардың бірінде шашылған қоқыс түсірілген видео тарады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

— Майқайың кенті. Қоқыс шашылып жатыр. Ешкім жинамайды.  Сасып жатыр, демалу мүмкін емес, — деп жазған видеоның авторы.

Бұл жағдайға қатысты Баянауыл ауданының әкімдігінде Майқайың кентінде 1 сәуірде тазалық айлығы басталғанын хабарлады

—  Жұмыстар жоспар бойынша атқарылуда. Аталған учаске бойынша бүгінгі күні қоқыс толығымен тазартылды. 3 жүк тиегіш көлік, 2 жүк көлігі жұмыс істеді. Бүгін кентте сенбілік өткізіліп, сенбілікке Майқайың кентінің әкімі, аудандық мәслихаттың 4 депутаты, 7 мекеме, барлығы 197 адам қатысты. 13 техника жұмылдырылды: 7 жүк тиегіш, 6 үлкен жүк көлігі, — дейді әкімдікте.

Сондай-ақ, 287 тонна қоқыс пен құрылыс қалдығы шығарылғанын хабарлады.