Баянауылда алты мың гектардан астам жер игеріледі

Баянауылда алты мың гектардан астам жер игеріледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл - мал шаруашылығына қажетті жемшөп қорын нығайтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыс әкімі Асайын Байханов Қарағанды облысындағы «Ақжар» және «Қаратоқа» бөгеттерінде су жіберу барысы, сондай-ақ Баянауыл ауданындағы лимандық суару жүйелерінің жағдайын тексерді.

– Бұрын өңірде өнімділігі кәдімгі шабындықтардан 6–7 есе жоғары 9 жайылмалы алқап болған. Соңғы уақытқа дейін олардың тек үшеуі ғана жұмыс істеп тұрды, - деді аймақ басшысы. Баянауыл лимандарын қайта жаңғырту – стратегиялық маңызы бар шешім. Бұл жоба жайылымдарға су жеткізіп, мал шаруашылығына қажетті жемшөп қорын нығайтады әрі Айдос, Бала-Шідерті және Ащысу өзендерінің су ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Нәтижесінде 6 мың гектардан астам жер инфрақұрылымға зиян келтірмей, ауданның мал шаруашылығын дамытуға қызмет етпек.

Сонымен қатар, өңір басшысы Қаныш Сәтбаев және Мәшһүр Жүсіп атындағы ауылдардың маңындағы лимандардың жұмысын және судың толу деңгейін бағалап, Теңдік ауылы маңындағы көпірлерді бақылады. Лимандық суару жүйесі 18 бөліктен, 36 су өткізу құрылыстарынан және 21 бөгеттен тұратын 1,3 мың га аумақты қамтитын Сәтбаев ауылдық округіне ерекше назар аударылды. Оны қалпына келтіру үшін су шайған 52 жыраның орны толтырылып, жалпы ұзындығы 51,8 км болатын бөгеттер қалпына келтірілді, сондай-ақ 23 бетонды гидротехникалық құрылыс орнатылды.

Жоба реттелмейтін су ресурстарын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді. Біздің басты міндетіміз - лимандардың қызметін қалпына келтіріп, еріген суды тиімді пайдалану арқылы шалғай жатқан жайылымдарда су тапшылығын болдырмау, - деді облыс әкім.

Ал Жаңажол ауылдық округіндегі жалпы аумағы 2,4 мың га лимандарда үйінділер қалпына келтіріліп, жер жұмыстары жүргізілді (жалпы көлемі 810 038 м³), 2 автоматты су ағызу құрылғысы мен 8 гидрожапқыш орнатылды.

Басты мақсат – лимандардың толыққанды жұмысын қалпына келтіріп, жайылымдардағы су тапшылығының алдын алу және жайылмалы алқаптардың өнімділігін арттыру.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Байханов Асаин (@asaiyn.baikhan)