Баянауылда тауда қалып қойған ер адам құтқарылды

Баянауылда тауда қалып қойған ер адам құтқарылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол түнде тауға шыққаннан кейін төменге өздігінен түсе алмаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Өткен түні 112 пультіне Баянауыл ауданының Торайғыр ауылындағы тауға көтерілген ер адамның өздігінен төмен түсе алмай қалғаны туралы хабарлама түсті.

— Оқиға орнына құтқарушылар жедел жетті. Альпинистік жабдықтарды пайдалана отырып, олар ер адамға көтеріліп, оның қауіпсіз түсуін қамтамасыз етіп, 1985 жылы туған азаматты эвакуациялады. Құтқарушылардың кәсіби әрі жедел іс-қимылының нәтижесінде құтқару операциясы сәтті аяқталды, - деліген облыстық төтенше жағдайлар департаменті берген ақпаратта.

Төтеншеліктер таулы аймаққа барған түнгі уақытта тауға шықпауға, арнайы жабдық пен тиісті дағдыларсыз қауіпті учаскелерге бармауға кеңес береді. Сондай-ақ, жолға шығар алдында жақындарыңызға бағытыңыз туралы алдын ала хабарлаңыз. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне дереу хабарлау ескертілді.