Баянауылда жаңа спорт кешені қазақстандық спортшыларды қабылдауға дайындалуда

Баянауылда жаңа спорт кешені қазақстандық спортшыларды қабылдауға  дайындалуда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ғимаратта жылжымалы трибуналар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін лифт орнатылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиында биыл өңірде салынатын спорттық нысандар туралы сөз етілді. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы Даур Ерғабұловтың айтуынша, Асайын Байхановтың тапсырмасына сәйкес Баянауыл ауданында тұрғызылып жатқан спорт кешенінің құрылысына бірқатар өзгерістер енгізілді. Облыс әкімі нысанды республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізу үшін қонақтарды қабылдай алатындай етіп, орындар санын ұлғайтуды тапсырған болатын. Енгізілген өзгерістерден дейін көрермендер үшін баскетбол залында 119, ал волейбол үшін 209 орын болады. Сондай-ақ, қолайлы болу үшін жылжымалы трибуналар орнатылады. Ал, 25 метрлік бассейндегі аудан және облыс деңгейінде өтетін жарыстарды көру үшін 30 орын қарастырылады. 

– Осындай үлкен спорт кешенін жайдан-жай салып жатқан жоқпыз. Туристік аймақ болғандықтан, волейбол, баскетбол бойынша республикалық, облыстық жарыстарды ұйымдыстыра аламыз,– деп атап өтті Асайын Байханов. 

Бұдан бөлек, облыстық құрылыс басқармасының басшысы Қадылжан Сәтиевтің сөзінше, Ақсу қаласындағы мұз сарайының құрылысына жалғасуда. Қазіргі уақытта шағын мұз аренасына негізін құю және екінші қабатты қалау жұмыстары жүргізілуде. Ал Баянауыл ауданындағы спорт кешенінің екінші қабаты қаланып жатыр. Бассейн орнатылуда.  

Ал, Успен ауылы мен Аққулы ауданындағы Қарақала ауылында дене шынықтыру сауықтыру кешені салынуда. Жұмыстар аяқталуға жақын. Алайда кейбір нысандар бойынша кестеден артта қалушылық байқалады. Бұл – Ақсу, Ақтоғай, Павлодар аудандарындағы іске асырылып жатқан жобалар. Асайын Байханов жоғарыда аталған жобаларды барынша ертерек аяқтау керек екендігін ескертті. 

– Осындай маңызды жобаларды қысқа қалдырмай, күзде бітіру қажет. Біздегі инвестициялық жобалар өте көп. Мердігерлермен кестелер бекітіп, келісімшарттар бойынша артта қалып жатқандармен керекті шаралар қолднау керек, – деді облыс әкімі. 

Аймақ басшысы қалалар мен аудандардың әкімдеріне, облыстың құрылыс басқармасына келісімшарт міндеттемелеріне сәйкес 2024 жылғы нысандарды іске қосуды қамтамасыз етуді, бюджет қаражатын уақтылы игеру жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды.