Баянауылда өткен көкпар ойындарында 10 миллион теңге ойнатылды
Ұлттық спортшылар үшін демеушілер екі автокөлік тікті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Баянауыл ауданы Ескелді шатқалында Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 165 жылдығына орай ұлттық спорттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылды. Бұл шаралар республикалық деңгейде өтті. Спорттық ойындардың жүлде қоры 13 миллионнан астам теңгені және екі автокөлікті құрады.
Көкпар ойындарында үздік үштікке Баянауыл ауданының құрамасы ілініп, 2 миллион теңгелік сертификатты ұтып алды. Ал екінші орынды Май ауданының көкпаршылары алды. Оларға 3 миллион теңге берілді. Бірінші орынды Екібастұз қаласының спортшылары алып, 5 миллион теңгенің иегерлері атанды.
Қазақ күресі ойындары назардан таса қалмады. Республикадан жиналған балуандар күш сынысып, өзара кіл мықтыны анықтады. Күрес 80+ салмақ дәрежесінде өтті. Үшінші орынды және 300 мың теңгені астаналық балуан Айбат Сейтен алса, екінші орынды және 500 мың теңгені оның жерлесі Олжас Шынкеев ұтып алды. Бірінші орынды жерлесіміз, Қазақстан барысы байқауының қола жүлдегері Мұхтар Дәлелхан қанжығасына байлады.
Бәйгеде 50-ге жуық шабандоз бақ сынады. Ұлттық спорттың бұл түрі екі бөлім бойынша өтті. Аламан бәйгеде үшінші орынды Әмір есімді жерлесіміз ұтып алып, 500 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды. Екінші орынды және 1 миллион теңгені алматылық Абзал атты шабандоз иеленді. Ал жүзден жүйрік атанған автокөлік иеленген шабандоз астаналық Асланбек есімді шабандоз.
Астаналық Асланбек есімді шабандоз 20 шақырымдық Топ бәйгеде 500 үшінші орын үшін 500 мың теңге, Аламан бәйгеде бірінші орын үшін автокөлікке ие болды. Екінші орын мен миллион теңгені алматылық Абзал есімді шабандоз алды. Автокөлікті Семей қаласынан келген шабандоз Дарын әкетті.