Баянауылдық спортшы гір тасын көтеруден Азия чемпионатының жүлдегері атанды
Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында гір спортынан Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Павлодар облыстық дене шынықтыру және спортты дамыту басқармасы мәлім етті.
– Құрлықтық жарысқа облысымыздан Баянауыл ауданының спортшысы Таңат Бердалин қатысып, 73 келі салмақ дәрежесінде серпе көтеру әдісі бойынша күміс жүлдегер атанды. Спортшыны бапкері Дархан Истаев дайындады, – деді басқармада.
Айта кетейік, гір спортынан Азия чемпионатында сегіз елден үш жүзден астам спортшы сынға түсті.
Фото: облыстық дене шынықтыру және спортты дамыту басқармасы