Бельгия павлодарлық футбол бапкерінің тағдырын шешеді

Бельгия павлодарлық футбол бапкерінің тағдырын шешеді
Фото: kff.kz

15 қарашада Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеу турнирінің соңғы ойынын өткізеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазақстанды топ көшбасшысы Бельгияға қарсы матчқа ұлттық құраманың бас бапкерінің міндетін атқарушы павлодарлық түлек Талғат Байсуфинов бастайды. Павлодарлық бапкердің басшылығымен өткен алдыңғы екі матчта біздің ойыншылар Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңіп, Солтүстік Македониямен сырт алаңда 1:1 есебімен тең ойнаған болатын.

Бельгияға қарсы матч алдында Талғат Байсуфинов алдағы матчқа арналған жоспарларымен және ұлттық құрамадағы болашағымен бөлісті.

- Білесіз бе, біз барлық ескі формулировкалардан (шабуылдаушы футбол ойнау немесе «автобусты қою» - автордың ескертпесі) бас тартуға тырысып жатырмыз. Біз осы бағытты таңдағандықтан және қарсыласымыздың күші мен мақсаттарын жақсы түсінгендіктен, біз, әрине, ең жоғары мақсаттарды қоямыз. Нәтиже – біздің басты міндетіміз. Біздің мақсаттарымыз бен міндеттеріміз ең жоғары. Біз қазір осындамыз және алдағы екі матчта да аянбай еңбек ете береміз. Осы екі ойыннан кейін біз басшылықпен сөйлесіп, ұлттық құрамадағы болашақ қызметіміз туралы сізге есеп береміз, - деді павлодарлық футболшы.

Бастапқыда федерация ұлттық құраманы басқаруға шетелдік маман келетінін, ал Талғат Байсуфинов уақытша басшы болатынын хабарлады. Дегенмен, команданың сәтті өнер көрсетуі мен жанкүйерлер қысымнан кейін ҚФФ-тың риторикасы өзгерді. Бельгиямен кездесу бәрін шешеді деп топшылауға болады, ал матч нәтижесі павлодарлық бапкердің ұлттық құраманың басшылығындағы болашағын анықтайды.

Қазақстан мен Бельгия арасындағы кездесу 15 қарашада өтеді. Басталуы сағат 19:00-де. «QazSport» телеарнасындағы тікелей көрсетілім сағат 18:50-де басталады.