Павлодар соттары жаңа ғимаратта жұмыс істейді
Жаңа мекеме Катаев көшесі, 83/2 мекенжайы бойынша орналасқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облыстық соты баспасөз қызметі 26 ақпаннан бастап Павлодар қалалық соты, Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты, Павлодар облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты, Павлодар облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты және Павлодар қаласының мамандандырылған тергеу соты жаңа мекенжай бойынша жұмыс істейтінін еске салады.
Ақпараттық орталық: 8 (7182) 66-10-27.
Еске сала кетейік, Павлодар облысында бірінші сатыдағы соттар жаңа ғимаратқа көшті. Үш қабатты ғимараттың алаңы – 8,5 мың шаршы метр. Сот отырысы өтетін кең залдар, фронт-кеңсе, сондай-ақ медиаторлар, билер, психолог, адам құқықтары жөніндегі уәкілге арналған кабинеттер бар. Заманауи ауаны баптау және қауіпсіздік жүйелері жұмыс істейді.