Биыл қыста Павлодар облысында жауын-шашын аз түседі

Биыл қыста Павлодар облысында жауын-шашын аз түседі
Фото: Константин Шелков

Ауа температурасы нормаға сәйкес болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның желтоқсан айында ауа температурасы облыстың барлық аумағында нормадан 1 градусқа төмен болады деп күтілуде. 

Желтоқсан айында жауын-шашын мөлшері облыстың барлық аумағында нормадан аз болады деп болжануда. 

Қаңтар айында ауа температурасы облыстың барлық аумағында нормадан 2 градусқа жоғары болады деп күтілуде. Облыстың барлық аумағында жауын-шашын мөлшері норма шамасында күтіледі.

Ақпан айында ауа температурасы облыстың барлық аумағында 2 градусқа нормадан жоғары болады деп болжануда. Ақпан айында жауын-шашын мөлшері облыстың көп бөлігінде нормадан көп, облыстың оңтүстік-шығысында нормаға жақын болады деп күтілуде.