Бонустық қор: Атамекенде не өзгерді?

Бонустық қор: Атамекенде не өзгерді?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бонустық қор алғаш рет қарастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласының қала әкімі Хасар Хабылбековтың кент тұрғындары алдындағы есептік кездесуі өтті.

Биыл облыс әкімі Асайын Қуандықұлының бастамасымен кезек күттірмейтін, әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды қаржыландыру үшін алғаш рет бонустық қор қарастырылды. Аталған қордың қаражатына дене шынықтыру-сауықтыру кешеніндегі балаларды тасымалдау үшін 17 орындық газель автокөлігі сатып алынды. Сондай-ақ, бес балалар ойын алаңы салынды.

Ауылда жолдардың 97 пайызына асфальт төселген. Биыл төрт көше бойынша ұзындығы 2,4 шақырым жолды жөндеу жоспарланған.

Сондай-ақ, қала әкімі өткен кездесуде көтерілген мәселелердің шешіміне тоқталды. 

–  «Элеватор», «Озерка» ауданында асфальт төсеу бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленіп, сараптамадан өтті. Тоқтаров көшесіне жарық тарту бойынша да жобалық-сметалық құжат бар. Келесі жылы бюджетті нақтылау кезінде аталған жобаларды қаржыландыру мәселесі қарастырылады, – деді Хасар Хабылбеков.

Сондай-ақ, әкім тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Барлық мәселелер бақылауға алынды.