«Жасыл Weekend»: Павлодарлықтар эко-йога сеансына қатыса алады

Тұрғындарды викториналар мен байқаулар күтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
5 маусым күні сағат 11:00-ден 14:00-ге дейін Дүниежүзілік қоршаған орта күніне орай Усолка көшесі, 2а мекенжайындағы шаңғы базасында «Таза Қазақстан» республикалық бастамасы аясында «Жасыл Weekend» экологиялық акциясы өтеді. Экологиялық іс-шараны Павлодар облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы ұйымдастырады.
– Іс-шара кең аудиторияға арналған және табиғат пен өзіңіз үшін пайдалы уақыт өткізуге тамаша мүмкіндік болады. Бағдарламада сыйлықтармен викториналар мен байқаулар, «Табиғат іздеушілері» атты экологиялық квест, ашық аспан астындағы эко-йога сеансы, экологиялық тауарлар көрмесі бар, – делінген хабарламада. – Баршаңызды осы шараға белсене қатысуға шақырамыз. Бұл күнді отбасыңызбен, достарыңызбен және пікірлес жандармен көңілді әрі пайдалы өткізіңіз.
Ең белсенді қатысушылар марапатқа ие болады. Акцияның негізгі мақсаты – өңір тұрғындарының экологиялық мәдениетін арттырып, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне назар аудару.