Павлодар облысының тұрғынынан тапанша-пулемет тәркіленді

Павлодар облысының тұрғынынан тапанша-пулемет тәркіленді
Фото: Полиция басқармасының баспасөз қызметі

Бүгінгі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары Майқайың кентінің 33 жастағы тұрғынынан «УДЗ» пулеметін тәркіледі. Суық қарумен қоса 9 миллиметрлік 2 оқ табылды. 

– Қазіргі уақытта факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қаруға баллистикалық сараптама тағайындалды, сотқа дейінгі тергеп – тексеру нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады-дейді Павлодар облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бастығы Ғабит Қабдрахманов.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары Қазақстан Республикасы ҚК-нің 287-бабына сәйкес қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алғаны, бергені, өткізгені, сақтағаны, тасымалдағаны немесе алып жүргені үшін 200 АЕК айыппұл немесе қоғамдық жұмыстармен жазасын өтейтінін еске салды.