Данияр Жұмаділ: «Қарғын судың беті тезірек қайтса екен деп тілейміз»
«Жебе» қоғамдық бірлестігінің төрағасы су тасқынынан зардап шеккендерге қолдау сөздерін білдірді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
– Еліміздің бірнеше өңірі қарғын судың құрсауында қалды. Әсіресе, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан өңіріндегі жағдайды көріп, жүрегің ауырады. Амал жоқ, тілсіз жауға қарсы тұрар қауқар шамалы,– деп жазды Данияр Жұмаділ өзінің Facebook парақшасында.
Бүгін ел Президенті шұғыл жиын өткізді. Өкінішке қарай, өзге өңірлерде үй-жайынан, төрт түлігінен айырылып қалған тұрғындар бар.
– Бір ғана жағдай көңілге медеу бола алады. Су тасқынынан зардап шеккен барлық азаматтарға тиісті көмек көрсетілетіні айтылуда. Алла сабырлық берсін! Бас аман болсын!– деді «Жебе» қоғамдық бірлестігінің төрағасы.
Еске сала кетейік, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Жарқынбек Амантай да елдегі су тасқынына қатысты өз пікірін білдірді.