Дәрі-дәрмек жайлы СМС-хабарлама арқылы білуге болады
Рецепт берілген кезде пациентке хабарлама келеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесі бағдарламасының жаңаруына байланысты, ағымдағы жылдың 5 қаңтарынан бастап дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету дерекқорда тіркелген пациенттің телефон нөміріне «СМС-код» қосымшасы бойынша жүзеге асырылатын болады.
– Рецепт берілген кезде пациент тағайындалған рецепт туралы хабарлама алады. Содан кейін, дәріхана пунктінде препаратты алған кезде пациент ДКАЖ-ға енгізілетін хабарламадан төрт таңбалы кодты көрсетуі керек, бұдан кейін ол дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі, – деп атап өтті министрлікте.
Пациенттер деректер базасындағы телефон нөмірін учаскелік дәрігерден тексерте алады.