Еңбек вице-министрі Павлодар облысына іс-сапармен келеді

Сапар аясында кәсіпорындар мен әлеуметтік нысандарды аралау және халықпен кездесулер жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі
Осы жылдың 29 қыркүйегінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов Абай облысына, 30 қыркүйекте Павлодар облысына жұмыс сапарымен келмек.
Сапар барысында вице-министр азаматтарды жеке қабылдап, әлеуметтік-еңбек саласындағы өзекті мәселелерді талқылауды көздейді.
Министрлік өкілдерінің айтуынша, мұндай кездесулер халықтың пікірін тыңдап, нақты проблемаларды шешуге ықпал етуге бағытталған. Облыс тұрғындары вице-министрге сауалдары мен ұсыныстарын мына байланыс арналары арқылы жолдай алады. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсы www.gov.kz, Электрондық үкімет порталы Egov.kz, «Е-Өтініш» бірыңғай платформасы suraktar.kz
Сондай-ақ, телефон арқылы хабарласуға болады: 8 (7172) 74-37-23, 74-36-79.