Екібастұз мектебінің сұранысы қоғам белсенділерін шошытты
Мемлекеттік сатып алулар сайтында №11 орта мектептің талаптары қоғам белсенділерін таңқалдырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Өтініш туралы толық ақпаратты «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының жетекшісі Нұргүл Қайырденова Facebook парақшасында жариялады.
– Екібастұз қаласы білім беру бөліміне қарасты №11 жалпы білім беретін мектебі жариялаған мемлекеттік тапсырыс байқауының талаптары өзгеше қойылған. Мәселен, олар бұл тапсырыста астында жарық шамдары бар үстел және орындықтар белгіленген. Сонымен қатар, ұстаздар бұл үстелде саптыаяқтарды ілуге арналған ілмектер болуын атап өткен, – дейді Нұргүл Қайырденова әлеуметтік желіде.
Сонымен қатар, мектеп кеңсесін жылыту үшін камин қажет болған. Еске сала кетейік, білім ошағы өткен жылы күрделі жөндеуден өткен.
Pavlodarnews.kz тілшісі облыстық білім басқармасынан түсініктеме сұрады. Департамент тергеуді бастады.