Екібастұз – Павлодар тас жолында жол апатынан кейін көлік өртенді
Оқиға жанармай құю станциясының маңында болды, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Екібастұз – Павлодар тасжолында жол-көлік оқиғасынан кейін автокөлік өртенген.
Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жедел жетіп, жалынды сөндірді.
Жол апаты мен өрт салдарынан қаза болғандар және зардап шеккендер жоқ.
ТЖД жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін сақтауды, көліктің техникалық жағдайын бақылауды және өрт болған жағдайда 112 нөміріне дереу хабарласуды ескертеді.