Екібастұзда қазақстандық әртістер ән шырқайды
 
                                    Қала күніне орай алты жұлдыз шақырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
14 маусым күні сағат 19:00-де «Өнер» қалалық мәдениет сарайының алдында Қала күніне орай ұйымдастырылатын «Екібастұз – жүректегі мекенім» атты мерекелік шоу-концерт өтеді.  
Кеш қонақтары ретінде Kalifarniya, «ЗАМАН» тобы, Қазыбек Құрайыш, Ғаділбек Жаңай, Sadraddin, Turar сынды танымал жұлдыздар шақырылды. Олар екібастұздық сахнада хит болған әндерін айтатын болады. 
Концерттің демеушілері — қаламыздың ірі кәсіпорындары мен құрылыс компаниялары.
Концерттен кейін отшашу, көңілді дискотека күтіледі.
 
                         
 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
                    
                 
    
             
         
         
    
             
    
             
    
             
    
             
         
    
 
    
 
    
 
    
 
    
                                        
                                     
    
 
    
 
    
