Екібастұзда үш ірі зауыт ашылады
Нәтижесінде 1700-ге жуық жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыс әкімі Асайын Байханов Екібастұз тұрғындарымен кездесу барысында келесі жылы іске асырылатын инвестициялық жобалар туралы баяндады.
– Бұл ретте, «Railcast Systems» атты ұсталық-бандаж кешені құрылысының жобасын жүзеге асыру Қазақстанда темір жол машинасын жасауды дамытуға жаңа серпін береді, – деді аймақ басшысы.
Облыс әкімнің айтуынша, келесі жылы металлургия өнеркәсібінде үш ауқымды және ірі «Ekibastuz-FerroAlloys», «Mineral-Product-International», «Kazferro-Limited» ферроқорытпа зауыттарын ашу жоспарланған. Бұл жобалар – еліміздің ферроқорытпа нарығындағы экспорттық әлеуетін арттырады және 1700 жуық жұмыс орнын ашады.
Сонымен қатар, «Бірінші және екінші МАЭС станцияларын кеңейту және қайта құру» инвестициялық жобасы іске асырылуда.Соның негізінде 2030 жылға дейін әрқайсысының қуаты 550 МиллиВатқа дейін ұлғаяды.
Бұдан бөлек, әлеуметтік салада жалпы үш млрд теңге сомасына барлығы 16 жоба іске асырылады.
Еске сала кетейік, кеншілер қаласында 100-ден аса аула жарықтандырылады. 279 ауланың 116-сында заманауи жарықтандыру орнатылды.