Екібастұзда ата-аналар балабақшаның салқындығына шағымданды

Екібастұзда ата-аналар балабақшаның салқындығына шағымданды
Фото: Константин Шелков

Шаһар басшысы балабақшаға арнайы барды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілші. 

Аян Бейсекин кешеден бері №28 балабақшаның ата-аналарынан екінші қабатта температуралық режимнің сақталмауы жайлы шағымдар түсуде екенін мәлім етті. 

– Балабақшаға барып тексердім. Шынымен де температуралық параметрлер төмен, екінші қабатта 17-18 градус белгіленген. Әріптестермен ақылдасып, бірнеше әдісті қолдануға келістік. Ертеңнен бастап температуралық режимді қалпына келтіруді тапсырдым, – деді шаһар басшысы. 

Аталмыш мәселе әкімнің жеке бақылауына алынды.