Екібастұзда мас тұрғындар жазаланды
Олар қоғамдық орындарда масаң күйде жүрген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Екібастұздық тәртіп сақшылары қаланы патрульдеу барысында Абай көшесінде қоғамдық орында мас күйінде жүрген қала тұрғынын анықтады.
– Медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша 45 жастағы азаматтың орташа дәрежедегі мас күйде болғаны анықталды. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК айыппұл салынды, – дейді департаментте.
Тағы бір жағдайда, полиция қызметкерлері Екібастұздың 53 жастағы тұрғынын тоқтатқан. Ол көлік жүретін жолмен жүрген. Медициналық сараптама оның орташа мас күйде екенін көрсетті. Полиция ер адамды алкогольдік ішімдіктерді ішкені және қоғамдық жерде мас күйінде болғаны үшін жазалады. Оған 5 АЕК айыппұл салынды.
Айта кету керек, биыл алкогольдік ішімдіктерді ішкені және қоғамдық орындарда мас күйінде болғаны үшін Екібастұз қаласының 2385 тұрғыны анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.