Екібастұзда он мотопомпа, мобильді радиостанциялар сатып алынды

Екібастұзда он мотопомпа, мобильді радиостанциялар сатып алынды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қала әкімі Аян Бейсекин төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысын өткізді, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Жиын барысында бірқатар маңызды мәселелер, оның ішінде өрт және су тасқыны қаупі бар кезеңдер талқыланды. Көктем кезіндегі төтенше жағдайларды жоюға арналған түрлі модификациядағы барлық қажетті техника, су айдау құралдары, инертті материалдардың қажетті қоры бар, сондай-ақ ағымдағы жылы тасымалданатын қосымша 10 мотопомпа сатып алынды, 250-ден астам адам жұмылдырылды.

– Өткен жылы дала өрттерін сөндіру барысында дала алқаптарында байланыс мәселесі туындаған болатын. Осыған байланысты мобильді радиостанциялар сатып алынды, – деді Аян Бейсекин.

Сондай-ақ шаһар басшысы өткен аптада жеке-меншік секторды аралап, коммуналдық қызметтердің қар тазалау жұмысын тексергенін атап өтті. Ендігі кезекте ауылдық аймақты қарап шығуды жоспарлап отыр. 

–  Су өткізгіш құрылыстарға ерекше назар аудару қажет, олар уақытында мұз бен қоқыстан тазартылып, еріген қар суларының өтуіне, сондай-ақ табиғат қорғау мақсатындағы су жіберу шараларына дайын болуымыз тиіс. Өрт қауіпті және су тасқыны кезеңдерін өткеру менің жеке бақылауымда, – деді Екібастұз әкімі

Сонымен қатар өрттің таралуын болдырмау үшін минералданған тірек жолақтарын уақтылы жасау қажет. Осыған қатысты ауыл және ауылдық округ әкімдеріне тиісті тапсырма берді.