Екібастұзда соғыс кезіндегі венгриялық әскери тұтқындардың жерлеулері табылды

@Pavlodarnews.kz тілшісінің хабарлауынша, қабірлер «Богатырь Көмір» көмір кенішінің аумағында орналасқан.
2023 жылы көмір кенішінде ағылшын мердігерлері үшін аумақ бөлінді. Олар жерге келгенде, зират басына ұшырды. Әзірге барлығы 30 шақты құлпытастың тек екі ғана бетон тақтайшасынан жасалған құлпытас анықталды.
Қорымдарды алғаш ашқан –«Северный» көмір кенішінің маркшейдерлер Шолпан Абдуалиева мен Мария Акимова.
– Тастардың бірінде жазу бар. Біз бұны ағылшынша деп ойладық, бірақ шақырылған аудармашы осы жазу венгр тілінде деп айтты. Осыдан кейін мен венгрлердің Екібастұз өңіріне қайдан келгені туралы мәлімет іздей бастадым, – деп бөлісті Екібастұз қаласындағы қоршаған ортаны қорғау бөлімінің жетекші гидрогеологы Нұрболат Құрманғалиев.
Оның зерттеулері бойынша, Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде көптеген әскери тұтқындар Сібірге, бес мың астровенгрлер Павлодарға жөнелтілді. Содан кейін Павлодардан Екібастұзға 700-ге жуық адам көмір кеншілеріне еңбек етуге жіберілген. Тұтқындар сол жерде жұмыс істеп, қайтыс болып, жерленген. Мұның бәрі шамамен 1915-1916 жылдары болған кездері.
Қазіргі уақытта бұл ескерткіштерді павлодарлық археолог Иван Трухин зерттеп жатыр. Оның айтуынша, құлпытастар 1918 жылға тиесілі. Осыны жазуларды аударған жасанды интеллект те дәлелдеген.
– Жерленгендердің бірі – шынында да Будапешттен келген венгриялық соғыс тұтқыны – 1898 жылы туған Йозеф Селаси. Ол 1918 жылы жерленген. Ал таста «Жолдастарыңды ұмытпа» деген жазу бар, – деп жазды Иван Трухин.
Зират аумағына басқа техникалар өтпеуі үшін, уақытша бульдозермен жерді қазып, қоршап қойылды. Жерлеу аймағындағы барлық жұмыстар уақытша тоқтатылды.
Біраз зерттеулерден кейін екібастұздық археологтар мен геологтар Венгрия елшілігіне үндеу жазғанда, Венгрия елшісі Отто Иван Рона жауап берді. Ол Венгрияның Ішкі қорғаныс министрлігімен байланысқа шығып, жақын арада Екібастұзға келуге жоспарлап отыр.
Фото: Нұрболат Құрманғалиев.