Екібастұзда тазалық іс-шарасы өтеді

Негізгі мақсат – қала көшелері мен аулаларын таза ұстау, қоршаған ортаға қамқорлық жасау, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
20 қыркүйекте жалпықалалық сенбілік «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жарияланды.
Бұл күні аулаларды, саябақтарды, скверлерді, кәсіпорындар мен мекемелердің іргелес аумақтарын жинау, жасыл желектерді отырғызу жұмыстары ұйымдастырылады.
Жұмыстарға 70-тен астам арнайы техника мен 1000-нан астам адамды тарту жоспарлануда.
Коммуналдық кәсіпорындар мен ұйымдардың күшімен жиналған қоқысты уақтылы шығару және тегін қабылдау ұйымдастырылады.
Көлік қажеттілігі және қоқысты шығару бойынша өтінімдер 74-05-52, 34-74-68 телефондары арқылы қабылданады.