Екібастұзда жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, қашып кетті

Екібастұзда жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, қашып кетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Абай көшесімен келе жатқан «Ауди С4» автомашинасының жүргізушісі жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінің жүріс бөлігін  өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен.  

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды, – деді департаментте. 

Полиция департаменті мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жол жүру ережелерін сақтау және көлік құралының техникалық жағдайын бақылау маңызды екенін еске салады.