Екібастұзда жасөспірімнің білегін арматура тесіп өтті
15 жасар жеткіншек қоршаудан секірмек болған, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 маусымда сағат 23.40-та 2008 жылы туған жасөспірім темір қоршаудан секірмек болғанда білегін арматура тесіп өткені туралы хабар түскен.
– Шақыру орнына келген құтқарушылар гидравликалық құралдың көмегімен қоршау шыбығын кесіп, жасөспірімді босатып, жедел жәрдемге тапсырды, – деді департаментте.
Оқиға орнында екі құтқарушы мен бір техника, сондай-ақ «102» қызметінің қызметкерлері жұмыс істеді.
Облыстық жедел жәрдем станциясында шақырту 23.30-да түскенін хабарлады. Жасөспірім Екібастұз қалалық ауруханасына жатқызылған.