Екібастұзда жаяу жүргіншіні «ГАЗель» қағып кетті

Тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 сәуір күні Беркімбаев көшесіндегі 182-ші үйдің ауласында «ГАЗель» автомашинасының жүргізушісі артқа жүріп бара жатып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды. Автомашина мамандандырылған тұраққа қойылды.