Павлодарда референдум күні 13 жаңа қазақстандық дүниеге келді
Сәбилердің көбі ер балалар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодарда жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдум күні 13 сәби дүниеге келді. Облыстық перинаталдық орталық неонатолог-дәрігері Альберт Оразовтың айтуынша, олардың арасында бір егіз бар, төрт қыз және тоғыз ұл туған.

Сол күні дүниеге келген сәбилердің бірі — Әзиз. Оның анасы Гүлназ Амарқанова 15 наурыз күні сағат 00:33-те екінші ұлын өмірге әкелді.
- Дәл осы күні босанамын деп ойламадым. Жүктілігім жеңіл өтті, босану да тез болды. Өте қуаныштымыз. Жолдасым ұлымыз мықты болсын деп Азиз деп атады, — дейді ол.
Ана мен сәби өздерін жақсы сезінеді.
Павлодарда жаңа туған нәрестелер арасында Ата Заң немесе басқа да ерекше есімдер жоқ. Барлық есімдер дәстүрлі қойылды, осы жолы павлодарлық ата-аналар консервативті көзқарас танытқан.