Екібастұзда жеке тұрған үй отқа оранды

Екібастұзда жеке тұрған үй отқа оранды
облыстық ТЖД ұсынды

Өрттің себебі анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 3 қараша күні сағат 16:30-да Екібастұз қаласындағы Амангелді көшесінде орналасқан жеке үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

– Оқиға орнына шыққан өрт сөндірушілер жеке үйдің 150 шаршы метр алаңында ағаш шатыры құрылымдарының және 12 шаршы метр аумағында шаруашылық құрылысы жанғанын анықтады,– деді департаментте. – Өрттің себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында өрт уақтылы сөндіріліп, басқа объектілерге таралуға жол берілмеді.

Өртке 2-МӨСБ, 6-ӨСБ күштері мен құралдары, төрт техника және 13 қызметкер жұмылдырылды.