Павлодарда балғындарға арналған «Тілашар» бағдарламасы құрастырылуда
Бағдарлама үш-алты жас аралығындағы балаларға арналған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Білім беру бөлімінің мектепке дейінгі ұйымдары әдіскерлерінің шығармашылық тобы 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап «Тілашар» қосымша білім беру бағдарламасын құру бойынша жұмысты бастады. Бұл құрал мектеп жасына дейінгі балаларға арналған және балалардың зияткерлік дамуы мен коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру үшін жағдай жасауға бағытталған, – дейді білім беру бөлімінде.
Шығармашылық топ құрамында балабақша әдіскерлер А. Нығманова (№ 21 балабақша), Е. Гладышева (№ 24 балабақша), Т. Слабкова (№111 балабақша), Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Қ. Нұрғалиева жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Тіл туралы» Заңды іске асыру шеңберіндегі бағдарламаны құрудың мақсаты - мектепке дейінгі ұйымдардағы күн режимінде мемлекеттік тілді меңгеру бойынша этнос өкілдері балаларының коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру.
Бағдарлама үш-алты жас аралығындағы балалардың зияткерлік дамуы мен коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру үшін жағдай жасауға бағытталған. Олар өзара байланысты үш блоктан тұрады: балабақша режимінде балалармен жұмыс жасау, ата-аналармен жұмыс, мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету.