Екібастұздық аналарды балаға массаж жасауға үйретеді

Екібастұздық аналарды балаға массаж жасауға үйретеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Баланы өзімен алып келген жағдайда бірден тәжірибеде көрсетіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қалалық Жастар бастамаларын дамыту орталығының мәлімдеуінше, 9 ақпан күні сағат 15:00-де жалпы практикадағы дәрігер және балалар массажисі Бердігүл Харагаздың «Балаларға арналған массаж» атты шеберлік сағаты өтеді.

Оқыту барысында:

  • массаж түрлерімен, оның қандай ықпал беретінін;
  • массажды қалай жасау керек;
  • балаға зиян келтірмеу үшін не істеу керектігі көрсетіледі.

Өтетін орны: Павлодарская көшесі, 10.