«Saryarqa samaly» газетінің ертеңгі санында: Кооперативті дамыту – келешектің кепілі. Диплом қолда, жұмыс қайда?

«Saryarqa samaly» газетінің ертеңгі санында: Кооперативті дамыту – келешектің кепілі. Диплом қолда, жұмыс қайда?

@Pavlodarnews.kz «Saryarqa samaly» газетінің 25 сәуір, сейсенбілік нөмірінде жарық көретін негізгі материалдарға аңдатпа ұсынады. 

Облыс әкімі Асайын Байхановтың аудандарды аралап, жергілікті тұрғындармен кездесуі жалғасуда. Өткен аптаның соңында аймақ басшысы Павлодар ауданына ат басын бұрып, Сычевка ауылындағы жаңа мектеп іргетасының қалануына қатысты. Сондай-ақ, аудан тұрғындарымен кездесті. Жергілікті жұртшылықты мазалайтын мәселелер туралы сейсенбілік нөмірден оқи аласыздар. 

Бүгінде облыста 107 ауыл шаруашылығы кооперативі тіркелген. Көбіне Баянауыл, Тереңкөл және Павлодар аудандарының шаруалары бірігіп, шаруасын дөңгелетуге кіріскен. Фермерлерге ауыл шаруашылығы кооперативтеріне кірудің артықшылығы неде? Еліміздің әрбір фермері ауыл шаруашылығы кооперативі арқылы мемлекеттік қолдау таба алады ма? Бұл сұрақтардың жауабын ертеңгі нөмірден біле аласыздар. 

Ағымдағы жылы қала аумағында 20 мың ағаш пен жапырақты және қылқан жапырақты тал отырғызу жоспарлануда. Оларды уақтылы суару үшін орталық саябақтар мен скверлерде су құбырлары іске қосылмақ. Көшеттердің жақсы тамыр тартуы үшін қайтпек керек? Мамандардың пікірлерін біліп көрдік. 

Колледждер мен жоғары оқу орындары түлектерінің қолға диплом алар сәті жақындап келеді. Мамандық иесі атанған соң олар еңбек жолын қалай және қайда бастайды? Төрт жыл бойы алған білімін кәдеге жарататын жұмыс орнын табу қаншалықты оңай немесе қиын? Мәселені саралап көрдік. 

Сондай-ақ, сейсенбілік нөмірде жастарға арналған «ЖасTimes» қосымшасы мен аймақтағы өзге де өзекті оқиғалар туралы материалдар топтамасы жарияланады.