Екібастұз прокуратурасы радиода қызметкерлерге құқықтық білім беруді бастады
Прокурорлар алаяқтық, есірткі және өндірістегі қауіпсіздік мәселелерін түсіндіруде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Екібастұз қаласының прокуратурасы «Богатырь Көмір» ЖШС-нің корпоративтік «Богатырь FM» радиосында «Заң мен тәртіп – біздің таңдауымыз!» атты айдар ашты.
- Жоба көмір разрезі қызметкерлерінің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Әр эфир өзекті тақырыптарды талдауға арналып, өмірлік мысалдар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу бойынша практикалық ұсынымдар беріледі. Атап айтқанда, алаяқтық, қаржы пирамидалары, есірткіге қарсы іс-қимыл, дропперлік және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қамтылады, - делінген хабарламада.
Радиохабарлар өндірістік нысандарда таратылып, сонымен қатар «Богатырь FM» радиосының Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасы арқылы көпшілікке қолжетімді.