Екібастұзда Аяз аталар мен Ақшақарлар орталық алаңмен жүріп өтеді

Екібастұзда Аяз аталар мен Ақшақарлар орталық алаңмен жүріп өтеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Биыл қала тұрғындары үшін он мұз айдыны салынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Алда келе жатқан Жаңа жыл мерекесіне Екібастұз қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі мерекеге арналған барлық безендіруді тексеріп шықты. Әшекейлердің деформацияланған бөлшектері мен жаңа жылдық шырша қалпына келтірілді.

Қаланың «Қазақстан» алаңы, интернационалист-жауынгерлер саябағы, вокзал алаңы және «Екібастұз» стелласы деген дәстүрлі аймақтары жарқын гирляндалармен безендірілген. Қаланың орталық көшелеріне жыл бойы қолданылатын шамдардың жарықтандырылған жіптері ілінді.

Қаланың басты шыршасы орнатылып, 22 желтоқсан күні сағат 18:00-де жарықтандырылады. Қала әкімдігі тұрғындар үшін жаппай мерекелік шаралардың қосымша шоу-бағдарламасын дайындаған. Анимациялық Жылан жылының символы, Аяз аталар мен Ақшақарлар, ертегі кейіпкерлері орталық алаңнан өтеді.

Ал кешке, карнавалдан кейін би кеші басталады.

Қыс бойы екібастұздықтар ашық ауада, ауладағы сырғанақ алаңдарында демала алады. Барлығы он мұз айдыны салынды Мұхтар Әуезов, 21, 10; Шахтерская, 19; Бұқар жырау, 286А; Мәшһүр Жүсіп, 147; Беркімбаев, 184, 93; Марғұлан, 3А; Королева, 98; Сәтбаев, 22 көшелерінде кұйылды. Барлық мұз айдындары желтоқсан айының соңына дейін толықтай дайын болады.