Павлодарлық студенттер республикалық додадан жүлделі оралды
Универсиада Ақтау қаласында ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Торайғыров университетінің студенттері Ақтау қаласында өткен XII жазғы универсиадада таэквандо бойынша 5 медаль жеңіп алды.
Ракони Бимырза 73 келіден артық салмақ дәрежесінде керуги бойынша чемпион атанды. Спортшы енді Қытайда өтетін универсиадаға барады. Ол пумсе бөлімінде күміс және қола медальдарын иеленді.
– Торайғыров университетінің студенттері спорттық нәтижелер көрсете алғанына қуаныштымын. Біз жастардың спортқа деген құлшынысын әрдайым қолдаймыз, ол үшін бар жағдай жасауға тырысамыз. Жастарымыздың жеңісі басқа студенттерді спортпен шұғылдануға ынталандырады деген ойдамын. Универсиада жүлдегерлеріне сәттілік тілеймін, – дейді Торайғыров университетінің ректоры Еркін Садықов.
Сондай-ақ, павлодарплық студент Асхат Мамбетов пумсе категориясында күміс және қола жүлдегер атанды. Жеңімпаздарды дайндаған Мамбетов спорттық нысандар дирекциясының меңгерушісі Мұхтар Жүсіпов.