Екібастұз әкімі екі ауылдағы нысандардың құрылысын сынға алды

Екібастұз әкімі екі ауылдағы нысандардың құрылысын сынға алды
Фото: Константин Шелков

Солнечный кентіндегі спорттық кешен мен Бәйет ауылындағы мәдениет үйін жөндеудегі жоспарда артта қалушылық бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин өзінің жеке Instagram парақшасында жариялады. 

– Солнечный кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде жүргізіліп жатқан қайта құру жұмыстарын тағы да тексердім, өкінішке орай жұмыс барысына көңілім толмады. Жоспар бойынша мердігер жобаны қыркүйектің басында аяқтауы тиіс еді, кейіннен айдың соңына дейін ұзартылды, – деп жазды қала әкімі. 

Қазіргі уақытта жұмыстың басым бөлігі аяқталды, бірақ жоспарланған кестеден артта қалушылық бар. Аян Бейсекин мердігерлік ұйымға аптаның соңына дейін жылу торабындағы барлық мәселелерді шешуді, ішкі жұмыстарды жүргізетін адамдар санын арттырып, барлық ескертулерді жоюды тапсырды. Сондай-ақ Бәйет ауылындағы мәдениет үйі бойынша жөндеу жұмыстарының жоспарланған кестеден артта қалып отыр.

– Бәйет ауылында бұған дейін мәдениет үйі болған емес. Мердігерлік ұйымдарға жүктелген міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершілік қарастырылатынын ескерттім, – деді Аян Бейсекин. – Жұмыстар толық аяқталғанға дейін өзім жеке бақылайтын боламын.

Ол мердігерлік ұйымға ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізетін адамдардың санын арттырып, жұмыстарды сапалы әрі тез жүргізуді тапсырды.