Павлодарға келген АҚШ студенті фольклорлық экспедицияға қатысуда
Шетелдік студент жергілікті университеттің бірінде орыс әдебиетін зерттеу үстінде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
АҚШ-тағы Мэдисон қаласының Висконсин университеті славистика кафедрасының аспиранты Изабелла Паланджи Қазақстанға төртінші рет келіп отыр. Бүгінде ол Торайғыров университетінде тәжірибеден өтуде.
– Алғаш рет өткен жылы келдім. Ал осы жолы филология және журналистика кафедрасы профессорының жетекшілігімен үш фольклорлық экспедицияға қатыстым. Орыс әдебиеті мен фольклорын зерттеу үстіндемін. Өзге ел азаматтарының мәдениеті мен дәстүрі мені қатты қызықтырады, – деп атап өтті студент.
Изабелла Шығыс Қазақстан және Павлодар облысында өткен экспедицияларға қатысты.
– Белгілі бір халықтың әдебиетін оның тілі мен дәстүрін білмей зерттеу мүмкін емес. Сондықтан тәжірибелерге қатысып, академиялық тұрғыдағы қарым-қатынасқа қол жеткізгім келеді, – деді ол.
Филология және журналистика кафедрасының профессоры, ф.ғ.к. Алевтина Цветкова 2019 жылдан бері осы жобаны Partnership for Russian and Eurasian Folklore америкалық ұйымымен бірлесіп жүзеге асырып келе жатыр. Алевтина шетелдік ұстаздар, аспиранттар мен студенттердің қатысуымен өтетін экспедицияларға жетекшілік етеді.