Екібастұзда балалар мен жастарға арналған жаңа алаңдардың саны артқан
Бүгінде кеншілер шаһарында аулаішілік аумақтарды абаттандыру жұмыстары жалғсуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин аула аумақтарында жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасын тексерді.
— Биыл облыс әкімі Асайын Байхановтың қолдауымен аулаларды абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстарды жалғастырып жатырмыз. Жоспарланған 20 жаңа футбол алаңының 11-інде жұмыс толық аяқталды, қалған алаңдарды жақын арада аяқтау жоспарлануда, - деді қала әкімі.
Сонымен қатар, мұнда 50 жаңа балалар ойын алаңы абаттандырудан өтуде. Оның 37-сінде жұмыс аяқталған болсағ, қалған 13 алаңдағы жұмыстарды қыркүйек айында аяқтау көзделіп отыр.
Аян Бейсекин, жұмыстардың барынша сапалы атқарылып жатқанын тілге тиек етті. Әрі кейбір құрылымдарды күшейту бойынша бірқатар тапсырма берді.
— Біздің міндетіміз – балалар мен жастардың белсенді, қауіпсіз әрі жайлы демалуына көбірек мүмкіндік жасау, - деді ол.
Қала әкімі соңғы жылдары қалада 220-дан астам жаңа балалар және спорт алаңы пайда болғанын атап өтті. Келесі жылы бұл жұмысты жалғастыру жоспарлануда.