Павлодар облысының әкімі тұрғындарға үлгі болатын үйді көрсетті

Павлодар облысының әкімі тұрғындарға үлгі болатын үйді көрсетті
Фото: Валерий Бугаев

Бұл үйде барлық жағдай жасалған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Асайын Байханов өзінің Instagram парақшасында көптеген үйлерге үлгі болатын Лермонтов көшесі, 85 мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үй жайлы айтты.

– Аталмыш үйдің тұрғындары жылу беру маусымына дайындыққа өте жауапкершілікпен қарап, мақсатты жиналған қаражат есебінен үйдің жылу торабына жөндеу жүргізді. Кіреберістер мен есік алдындағы аумақтар абаттандырылды. Үй тұрғындарының осындай белсенділігін қолдау мақсатында қала әкімдігінің қолдауымен аулаға асфальт төселді, жарық шамдары орнатылып, автотұрақ пен ойын алаңы жабдықталды, –  дейді Асайын байханов Әлеуметтік желіде. 

Облыс әкімі осылайша, жергілікті билік пен үй тұрғындарының бірлескен күшінің арқасында жайлы орта құруға қол жеткізуге болатынын атап өтті.

Әкімнің ойынша, облыс тұрғындары Лермонтов, 85 тұрғындары сияқты белсенді азаматтық көзқарасты ұстанатын болса, көшелеріміз, аулаларымыз және саябақтарымыз жақсы, ыңғайлы және жайлы болады.