Екібастұзда кеншілер күнінде Қайрат Нұртас пен RaiM өнер көрсетеді (ВИДЕО)
Мереке 26 тамызға жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Екібастұз қаласы әкімдігінің мәлімдеуінше, осы күні қазақ эстрадасының жұлдыздары - Қайрат Нұртас, RaiM, Ғаділбек Жанай және Павлодар облыстық филармониясының джаз оркестрі өнер көрсетеді.
- Сондай-ақ, кеншілер күнінде қалада алғаш рет шетел эстрадасының аңызы, кештің басты қонағы “Fly Project”тобы да болады, - делінген хабарламада.
Мерекелік кештің соңын отшашуға ұласады.
Айта кетелік, мереке “Өнер” ҚМО алаңында сағат 18: 30-да басталады.
Бағдарлама демеушілері - «Богатырь Көмір» ЖШС, «Ангренсор» ЖШС, «Еуроазиялық энергетикалық корпорация» АҚ (“Шығыс” кеніші).
Посмотреть эту публикацию в Instagram