Екібастұзда көп балалы аналар марапатталды
Алты баланың аналарына «Күміс алқа» табысталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Марапаттау рәсімін ашқан қала әкімі Аян Бейсекин көп балалы аналарды құттықтап, ізгі тілегін білдіріп, қазіргі қоғамдағы әйел мен ананың алатын орны ерекше екенін тағы бір мәрте еске салды.
– Мемлекеттің назарына рахмет, – деп марапатталған әйелдер алғыстарын білдірді. – Біз балаларымызды лайықты азамат етіп тәрбиелеуге тырысатын боламыз.
Бұл күні марапаттарды Айнұр Әбитаева, Әмина Ахатова, Гүлнұр Асқарова, Маржан Жанұзақ, Индира Жетпісбаева, Индира Тойшыбекова және Гүлбану Қойториева алды.