Шарбақты ауданында өмір бойы жүргізу құқығынан айырылған ер адам ұсталды

Құқық бұзушының автокөлігі арнайы тұраққа қойылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам өмір бойы жүргізуші куәлігінен айырыла тұрып, қайтадан мас күйінде рөлге отырған.
– Шарбақты ауданы Жаңаауыл ауылының маңында полиция ВАЗ-21099 маркалы автокөлікті тоқтатты. Әңгіме барысында жүргізушіден алкогольдің иісі шықты. Куәландыру жүргізушінің мас күйінде болғанын растады. Сонымен қатар, тексеру кезінде ер адам бұрын өмір бойы жүргізу құқығынан айырылғандығы анықталды. Тексеру жүргізілуде, – деді департаментте.
Мас күйінде автокөлікті жүргізетін адамдар туралы ақпаратты полицияға 102 телефоны арқылы немесе Рolice 102 мобильді қосымшасын пайдалану қажет.