Екібастұзда пәтерінде құлаған зейнеткер құтқарушылардың көмегіне мұқтаж болды
Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодарлық жедел құтқару жасағының мәліметінше, 25 қыркүйекте сағат 20:05-те «112» диспетчерінен зейнеткер үйінде құлап, өздігінен тұра алмағаны туралы хабарлама келді.
– Ол көршілеріне құлағанын айтып, есікті аша алмайтынын телефон арқылы жеткізген. Екібастұздық құтқарушылар оқиға орнына келген кезде есікті арнайы құралдармен ашты. Қарт әйел пәтердің кіреберісінде жатқан,- делінген хабарламада.
Кейіннен құтқарушылар зейнеткерді «103» қызметкерлеріне тапсырып, жедел жәрдем көлігіне дейін тасымалдауға көмектесті.