Екібастұзда жылу температурасын көтеру үшін барлық шаралар қабылдануда

Екібастұзда жылу температурасын көтеру үшін барлық   шаралар қабылдануда

Энергетикалық қазандықтар цехы үздіксіз жұмыс істеуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы облы әкімі Асайын Байханов Іnstagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында мәлім етті.

Екі цехтың бірінің сумен күлді жуып шығаратын жерінде орын алған ақау қаланы жылумен қамтамасыз етуді тоқтатуға әсер ете алмайды, тек температура параметрлерін біршама төмендетті. Қалай болғанда да, ЖЭО температуралық параметрлері кемінде 9 кг/см2 қысыммен беріліп, 63 градустан төмен болмайды.

– Қазіргі уақытта алдағы бірнеше сағат ішінде жылу жүйесінің температурасын 80-90 градусқа дейін көтеру үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатырмыз. Бұл жиналған суды толығымен сорып шығарып, су жылыту қазандықтарын мазуттан көмірге ауыстырғаннан кейін ғана тұтынушыларға берілетін температураны өзгертуге мүмкіндік береді, – деді Асайын Байханов. 

Еске сала кетейік, кеше түнде Екібастұз ЖЭО-да су жылыту қазандық агрегаттарында күлді шығаруға арналған су құбырына зақым келген болатын (күйген көмірді немесе күлді шаю құбыры). Орын алған ақау үш сағаттың ішінде жойылды. Қазір су басқан жерлерден суды сорып шығару жұмыстары жүргізілуде.

Кеше түнде үш резервтік су жылыту қазандығы бірден сұйық отын - мазутқа ауыстырылды. Бұл биылғы жылы Екібастұз ЖЭО қазандықтарын жөндеу бойынша атқарылған ауқымды жұмыстардың арқасында мүмкін болып, нәтижесінде қуаты мол қазандықтар резервін берді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Байханов Асаин (@asaiyn.baikhan)