11 желтоқсанда Павлодар облысында қатты аяз болады

11 желтоқсанда Павлодар облысында қатты аяз болады
Фото: Константин Шелков

Жауын-шашын күтілмейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше,  Қазақстанның басым бөлігіне әлі де суық солтүстік-батыс антициклоны әсер етеді. Сондықтан республика бойынша аяз сақталды.

Павлодар облысында 11 желтоқсанда ауыспалы бұлттылық болады. Күндіз ауа -22...-27 градусқа дейін көрсетеді.  

Дүйсенбі облыс орталығында да қар жаумайды. Күндіз термометрлердің бағандары -23...-25 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрді құрайды.