Екібастұзда құтқарушылар екі жасар сәбидің анасына үйге кіруге көмектесті
Балалар ұйықтап жатқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 112 пультіне әйел адамның пәтеріне кіре алмай жатқаны, есіктің ішінен кұлыпталғаны туралы хабарлама түскен.
«Пәтерде 2021 және 2014 жылы туған кәмелетке толмаған екі баласы болды. Окиға орнына жеткен құтқарушылар учаскелік инспектор мен пәтер иелерінің қатысумен есікті арнайы құралдардың көмегімен ашты», — дейді департаментте.
Бұл кезде балалар ұйықтап жатқан және медициналық көмек қажет болмады.
Құтқарушылар ата-аналарға мүмкіндігінше балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.