Екібастұзда үш автобус жолдан ұшып кетті (ВИДЕО)

Екібастұзда үш автобус жолдан ұшып кетті (ВИДЕО)
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оқыс жағдайдың орын алуына ауа райының қолайсыздығы себеп болған, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Богатырь-Көмір» ЖШС баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 желтоқсанда сынап бағанасының төмендеп,  жаңбыр мен қар аралас жаңбыр жаууынан жолдарда көктайғақ болған. 

– Салдарынан адамдарды жұмыс орындарына жеткізу кезінде мердігерлік ұйымның үш автобусы жолдан шығып кетті, – деп жазылған хабарламада. 

Кәсіпорын қызметкерлері арасында зардап шеккендер жоқ. Барлық қызметкерлер жұмыс орындарына жеткізілді және штаттық режимде жұмыс істеуде.

Еске сала кетейік, Шідерті кентіндегі бекетте елу екі көлік тұрып қалды: 22-сі – жүк, 30-ы – жеңіл көлік. 

ТЖ департаментінде көлік және жол басқармасы, сондай-ақ «КАЖсервис» ЖШС қызметкерлерінен тұратын жедел топ және  207-112 сенім телефондары жұмыс істейді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Экибастуз. Хочу всё знать (@ekb_hochu_vse_znat)